31 мамырда атап өтілген Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты «Қазақ халқының қайғылы жылдары» тақырыбында дөңгелек үстелді онлайн режимінде өткізді. Аталған іс-шара жоспарға сәйкес 2021 жылғы 29 Мамырда Zoom платформасында өтті. Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары алаштанушы ғалым, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбай, саясаттанушы Талғат Жанысбай және режиссер Еркін Рақышев болды.
Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру. Онлайн форматтағы кездесу барысындағы қадірменді қонақтарымыз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске ала отырып, қазақ халқының басынан сол бір зұлматты,қиын - қыстау кезеңдерді кешкенін айтып өтті. Іс-шараға 170 студент және профессор-оқытушылар құрамы қатысып, дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтарға құрметті қонақтар жауап берді.
Іс-шара соңында, МФжИ институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев дөңгелек үстел ұйымдастырушыларына және құрметті қонақтарға алғысын білдірді.